25 Қаңтар, 2014

Бас баспасөз орталығы жұмысын бастады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Сочиде ХХII Олимпиада ойындарының бас баспасөз орталығы тәуліктік жұмысын бастады. Сонымен қатар, енді Олимпиаданың тау кластерінде «Горки» медиа орталығы ашылатын болады.

Кеше Сочиде ХХII Олимпиада ойындарының бас баспасөз орталығы тәуліктік жұмысын бастады. Сонымен қатар, енді Олимпиаданың тау кластерінде «Горки» медиа орталығы ашылатын болады.

Сочидің Олимпиадалық паркіндегі бас медиа орталық журналистер үшін есігін 7 қаңтарда ашты. Бірақ осы кезге дейін тәулік бойы жұмыс істемей келді.

Мұнда жалпы көлемі 158 мың шаршы метрден асатын негізгі медиа орталықтан кейін аумағы 20 мың шаршы метр болатын бас баспасөз орталығы мен халықаралық хабар тарату орталығы қатар қоныс тепкен. Соңғысының көлемі 60 мың шаршы метр.

Ойындар өтетін қалада ақпарат агенттіктерінің офистері үшін 3,6 мың шаршы метр жер берілген. Оған әлемнің 43 жетекші БАҚ өкілдері орналастырылады, деп атап өтті «Сочи-2014» Олимпиадасының ұйымдастырушылары. Бұл жерде күн сайын журналистермен 18-ге жуық кездесу болады. Баспасөз мәслихаттары орыс, ағылшын, француз, неміс, итальян, қытай, корей және жапон тілдеріне аударылады.

«Бас медиа орталықта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен телерадиохабар тарататын компаниялардың жұмыс жасауына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Ғимарат Олимпиада паркінің спорт нысандарына жақын орналасқан», – деп атап өтті «Сочи-2014» пре­зиденті Дмитрий Чернышенко.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50