Оқыс оқиға жайында ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.
Петропавл қалалық полиция басқармасы хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 14:00 шамасында болған. Уәлиханов көшесіндегі жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан екі адамды Audi 100 автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі қағып кеткен.
Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем қызметін шақырды. Зардап шеккендер 32 жастағы әйел мен оның 8 жасар қызы болып шықты. Оларға емдеу мекемесінде медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді.
Аталған оқиғаға байланысты әкімшілік материал жиналып, әкімшілік полиция бөліміне процессуалдық шешім қабылдау үшін берілді.