Павлодар облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан ер адам 1962 жылы туылған.
Естеріңізде болса, 3 тамыз күні Ертіс өзенінің жылы ағымында өзенге батып бара жатқан 11 жасар қызды құтқарып, алайда өзі суға батып кеткен ер адам туралы хабарлаған болатынбыз. Ол өзенге батып кеткен қызды жағаға лақтырып үлгерген 59 жастағы Марат Рахымжанов болатын. Марқұмның денесін жедел-құтқару жасағының құтқарушылары араға екі күн салып яғни 5 тамызда сағат15:47-де Павлодар қаласының автожол көпірі маңынан тапқан болатын.