25 Қаңтар, 2014

Күресте белсенділік ауадай қажет

357 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

01-лого нұр отан«Нұр Отан» партиясының жем­қор­лыққа қарсы жаңа бағдарламасы үс­тіміздегі жылдың бірінші жартысында әзірленеді. Бұл жөнінде кеше пар­тия жанындағы Жем­қор­лыққа қар­сы күрес республикалық қоғам­дық кеңесінің 2013 жылды қорытын­ды­лаған отырысында белгілі болды.

 

01-лого нұр отан«Нұр Отан» партиясының жем­қор­лыққа қарсы жаңа бағдарламасы үс­тіміздегі жылдың бірінші жартысында әзірленеді. Бұл жөнінде кеше пар­тия жанындағы Жем­қор­лыққа қар­сы күрес республикалық қоғам­дық кеңесінің 2013 жылды қорытын­ды­лаған отырысында белгілі болды.

Отырыста алдымен жем­қорлық­қа қарсы үздік деп танылған плакаттар жария етілді. Бұл туындылар қоғам арасында жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға бағытталған. Кешегі отырыс барысында, сонымен қатар, өткен жылда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды. Одан белгілі болғандай, Жемқорлыққа қарсы хабарламалар орталығының сенім телефондарына мыңнан астам қоңырау түскен. Және де «Өзіңнен баста» акциясы аясында партияның 3046 мүшесі өз мүлкі туралы мәліметтерді жария етіпті. Ал «Жемқорлыққа жол жоқ!» науқаны барысында еліміздің өңірлерінде 80-нен астам акция өткізілгені белгілі болды.

Жалпы, 2013 жылы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері мен әртүрлі деңгейдегі соттардың заңсыз шешіміне қатысты азаматтардан 4243 арыз бен өтініш келіп түскені белгілі болды. Соның жартысынан астамы (67 пайызы) құқық қорғау органдары мен әкімдіктер және партия мүшелерінің қызметі шеңберінде қарастырылыпты. Бұл ретте Жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері өңірлік және аумақтық кеңес жұмыстарының жұмысын белсенділендіре түсу қажеттігіне ерекше ден қойды. Мысалы, сенатор Қуаныш Айтаханов 225 аумақтық қоғамдық кеңес бір жылда 566-ақ отырыс және 177 ғана жеке қабылдаулар өткізгендігін өткір сынға алды.

Партияның жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылады. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар, саясаттанушылар, ғалымдар енетін болады. Жұмыс тобына Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес төрағасы Нұр­лан Әбдіров жетекшілік етеді. Жаңа бағдарламаға қатысты сө­зінде Жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңе­сінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов былай деді: «Партия­ның жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламасы жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл бойынша жүйелік мәселелерді шешуге бағытталады. Аталмыш құжат алғашқы жарты­жылдықта әзір болады. Жаңа стратегияға Экономикалық ынты­мақтастық және даму ұйымының жемқорлыққа қарсы ұсыныстары енгізіледі. Президент Жолдауына сәйкес ЭЫДҰ – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіндегі бас­ты бағдар».

Отырысқа қатысушылар жем­қор­лықтың еліміз беделі мен ин­вестициялық ахуалға кері әсер ететініне ерекше назар аударды. Сондықтан да, жемқорлыққа қар­сы іс-қимылды арттыру жөніндегі ха­лықаралық стандарттарды белсенді енгізу қажеттігі алға тартылды. Талқылау нәтижесі бо­йынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30