Ол өзінің фейсбуктағы парақшасында «Туберкулезге қарсы ревакцинация жоспарлы шара және ол тек қыркүйекте жүргізіледі» деп жазды. Сондай-ақ ата-ананың жазбаша келісімінсіз ешкімге екпе салынбайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасы осы жылдың төртінші тоқсанында қолжетімді болады. Бірақ ол да тек ата-ананың немесе баланың заңды өкілінің рұқсатымен ғана салынады. Комитет өкілі қазақстандықтарды тек ресми дерек көздеріне сенуге шақырды.
«Туберкулезге қарсы екпе деген сылтаумен балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр». Ел ішіне тараған бұл ақпараттың жалған екенін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Отбасы • Кеше
ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы
Саясат • Кеше
Сатира • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше