Облыс әкімі С.Трұмовтың баяндауынша, бұл зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды. Жобаны іске асыратын «Ақсу» мекемесі құрылды. Құны 87 млрд.теңге болатын жоба тәулігіне 50 мың текше метр су тұщытады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын іске қосылғанда 160 мыңдай тұрғыны бар Жаңаөзен қаласын үздіксіз сумен қамтуға мүмкіндік бермек. Қазір жобаның жобалық-сметалық құжаты жасақталуда. Бұл жұмыс аяқталған соң зауыт құрылысы басталады.
«Көптен күткен мәселенің шешілуіне жол ашқан мемлекет басшысына Маңғыстау жұртшылығының атынан алғыс айтамын», деді өңір басшысы.