Есеп комитетінің ұжымы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады, деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі.
Есеп комитетінің ұжымы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады, деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі.
Есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі қағидаларын талқылау барысында аталған Жолдаудың аса маңызды екенін атап өтті.
«2014 жылғы Жолдау 2050 жылға дейiнгі ұзақ мерзiмдi Стратегияны іске асыру бойынша нақты іс-шаралар бағдарламасы болып табылады. Белгiленген бағыттар Қазақстан экономикасының одан әрi терең жаңғыртылуын, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн және даму серпіндерін арттыруды көрсетеді», – деді Есеп комитетінің төрағасы.
Қ.Жаңбыршиннің пiкiрiнше, осы маңызды міндеттер арқылы еліміздің қаржылық бақылау органдарының рөлі мен маңыздылығы объективтi түрде артпақ.
Есеп комитетінің басшысы: «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кiруi үшiн Есеп комитеті тәуелсіз сыртқы қаржылық бақылаудың конституциялық органы ретінде маңызды рөл атқаруы тиіс. Оның жауапкершiлігіне мемлекеттің ұлттық ресурстарды басқару қызметі кіреді. Атап айтқанда, бюджет-қаржы үдерісін, 2050 жылға дейінгі Стратегияны іске асыруға бөлінетін мемлекет қаражатының ұтымды пайдаланылуын бақылау мәселесіне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты, мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінен мемлекеттік аудитке көшу Есеп комитетіне өз қызметін халықаралық озық стандарттарға сәйкес анағұрлым тиімді және сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді.
Мемлекет басшысының әлемнің ең озық тәжірибесінің негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында, елімізде қаржы-экономикалық саладағы ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастырудың және іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ететін Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы қабылданды.
Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстан Парламентінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын ұйымдастыруға, олардың қызметі мен өкілеттігінің бірыңғай қағидаларын айқындауға бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасы талқылануда.
Есеп комитетінің төрағасы отырыс қорытындысы бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.