Спорт • 06 Қыркүйек, 2021

Футболдан Италия құрамасы әлемдік рекорд орнатты

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Италия құрамасы ең ұзақ халықаралық жеңіс сериясынан әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz UEFA сайтына сілтеме жасап.

Футболдан Италия құрамасы әлемдік рекорд орнатты

Италия Әлем чемпионатының іріктеу матчында Швейцария командасымен тең ойнады. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Нәтижесінде, команда 36 матчты жеңіліссіз өткізді. Бұл Бразилия мен Испанияға тиесілі алдыңғы көрсеткіштен асып түсті. Екі команда да 35 матчта жеңілген жоқ.

Соңғы рет итальяндықтар 2018 жылдың 10 қыркүйегінде Лиссабонда Португалия құрамасынан Ұлттар Лигасы аясында ұтылған болатын.