25 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасының Заңы №167-V

292 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала кұрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала кұрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазакстан Республикасының мына заңна­малық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Рес­публикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-кұ­жат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-кұжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құ­жат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-кұжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-кұжат; № 7, 54-кұ­жат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-кұжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-кұжат; № 13, 91-кұжат; № 14, 94-кұжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құ­жат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құ­жат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жыл­ғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Каза­хстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық акті­леріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
53-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;».
2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-кұжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құ­жат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-кұжат; № 24, 148-кұжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құ­жат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құ­жат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-кұ­жаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-кұжат; 2013 ж., № 9, 51-құ­жат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Ка­зах­станская правда» газеттерінде жарияланған «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақ­стан Республикасының Заңы):
1) 1 -баптың 1) тармақшасының екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 14-баптың 1) тармақшасындағы «мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерінен» деген сөздер «мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорыннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер беру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толық­тырылсын: «6-1) авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
4) 20-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толық­ты­рылсын: «13-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастры­ның дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) жобалау алдындағы және жобалау (жоба­лау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мем­лекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
5) 24-баптың 1-тармағында:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;»;
17) тармақшадағы «жүргізу кіреді.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 25-бапта:
1 -тармақта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;»;
18) тармақшадағы «жүргізу жатады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;»;
7) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін
белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;»;
8) 27-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакция­да жазылсын: «сәулет және қала құрылысы;»;
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «сәулет және қала құрылысы;»;
9) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Авторлық қадағалауды жобаның авторы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер:
1) осы Заңның 15-бабында және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңыңда көзделген жағдайларда;
2) мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жататын объектілер салынған кезде жүзеге асырады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
10) 37-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы кадастр­ларының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық жүйесіне кіреді және» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:
1) республикалық;
2) облыстық;
3) облыстағы аудандық;
4) базалық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.»;
11) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры
1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
4. Төменгі деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрлары жоғары деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негізі болып табылады.»;
12) 39-бап алып тасталсын;
13) 60-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жобалау алдындағы құжаттама бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде ол бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген сол жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып саналады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.».
3. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құ­жат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құ­жаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құ­жат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құ­жат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат):
134-баптың 2-тармағының 22) тармақшасындағы «автоматтандыру саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «автоматтандыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу саласында жүзеге асырады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 21 қаңтар
№167-V ҚРЗ

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10