Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен АҚШ бірлесіп логистика мамандарын дайындайды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік даярлық орталығында «Батыс Африкада тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бітімгершілік операцияларына логистикалық қолдау көрсету» тақырыбында логистика саласындағы офицерлерді даярлауда компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен АҚШ бірлесіп логистика мамандарын дайындайды

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қарулы күштерді жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың білімі мен дағдысын жетілдіру, бітімгершілік миссиясы өтіп жатқан жерге әскери контингентті өз бетінше жіберуді ұйымдастыру және оны логистикалық қолдау тәртібін зерделеу.

«Жаһандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, АҚШ-тық әріптестеріміз оқу-жаттығуларға қатысып, БҰҰ-ның миссияларына қатысатын Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгерлерін даярлауға қомақты үлес қосқанына қуаныштымыз. Бұл платформа біздің әскери қызметшілерді даярлауға жақсы мүмкіндік», деп атап өтті Қазақстан Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығы генерал-майор Алмас Ахмадиев.

«Аталған оқу-жаттығу басқару органдарының 2021 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес және екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастықтың 2018-2022 жылдарға арналған бесжылдық жоспары шеңберінде ұйымдастырылды», деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.