Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

Семейде жеке тұрғын үй өртеніп кетті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде балалардың тектектігі кесірінен үй өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің Instagram-дағы жазбасына сілтеме жасап.

Семейде жеке тұрғын үй өртеніп кетті

5 қыркүйекте Кирпичный тұйығындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақырту орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 101 шаршы метр шатыр, қоршау, шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 27 литр болатын 2 газ баллонын тауып, шығарды. Өрттің алдын ала себебі балалардың отпен абайсыз қарым-қатынасы болғаны анықталды.

Семей қаласының ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады.