Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық көлік аптаның барлық күндері қатынайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 21 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Қалалар мен аудандардағы объектілер өз қызметін «сары аймақ» үшін көрсетілген талаптар негізінде жалғастырады. Жұмысшылар арасында COVID-19 инфекциясының таралу қаупін азайту мақсатында вакцина алмағандарға және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері барларға ПТР-тестілеу жүргізілуі тиіс. Нақты айтқанда, вахталық әдіспен жұмыс істеп, кәсіпорын аумағынан жүйелі түрде шығып отыратындар 7 күнде 1 рет, ал вахтадан белгілі бір кезеңге дейін шықпайтындар келесі кезегі келгенге дейін және вахтадан шығар алдында 5 күн бұрын сынама тапсыруға міндетті», делінген құжатта.

Сондай-ақ қаулыда жазылғандай, қалалар мен елді мекендер ішінде қоғамдық көлік аптаның барлық күндері қатынайды.