Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да дала өртін сөндіруге көмектескен 4 оқушы марапатталды

30 рет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданында дала өртін сөндіруге көмектескен оқушылар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 қыркүйекте Рулиха ауылында шөп пен қоқыс өртенді. Тілсіз жау жалпы ауданы 200 шаршы метр жерді шарпыды.

«Оқиға орнына өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Сондай-ақ оларға сол маңдағы И.Астафьева атындағы орта мектеп оқушылары Алан Абюров, Рамиль Шевченко, Артем Филиппов және Анастасия Филиппова көмекке ұмтылған. Олар өртті өшіруге арналған шартылдақты алып, қызыл жалынмен күресті. Көп ұзамай от толықтай ауыздықталған», делінген ақпаратта.

6 қыркүйек күні ТЖД құтқарушылары мектеп оқушыларын марапаттап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Салтанатты шарада карантиндік талаптар қатаң сақталды.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағасы арзандады

Қаржы • Бүгін, 15:47

Ұқсас жаңалықтар