Тәуелсіздік • 07 Қыркүйек, 2021

Елорда сақшылары – «Парасатты полицей» жеңімпазы

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында биыл 11 жыл қатарынан ұйымдастырылған «Парасатты полицей» республикалық байқауы мәресіне жетті. Байқауда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, облыстар және Көліктегі полиция департаменттері қызметкерлерінен, оның ішінде өзге этнос өкілдері бар 17 команда бақ сынасты.

Елорда сақшылары –  «Парасатты полицей» жеңімпазы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қа­зақ­стан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында өткен биылғы байқаудың бас жүлдесін Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жеңіп алса, бірінші орынға Батыс Қазақстан өңірінің намысын қолдан бермеген полицейлер командасы табан тіреді. Ал жүлделі екінші орынды Алматы мен Қостанай облыстарының командалары өзара бөлісіп, 3-орын Ақмола мен Түркістан облыстарының ПД және Кө­лік­тегі ПД-нің еншісіне тиді. Дәстүрлі сайысқа қазылық жасаған алқа мүшесінің бірі ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан қазақстандық ардагерлер ұйымының ардагері Сланқожа Қарақыстық ішкі іс­тер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауда «Парасатты полицей» сайысының алар орны ерекше екенін атап өтті.

Пандемияға байланысты биыл байқау онлайн форматта өткізілген. Ал ішкі іс­тер органдары арасында кеңінен танымал сайыстың басты көздегені – тәр­тіп сақ­шылары арасында мемлекеттік тіл­дің мәр­тебесі мен маңызын арттыру, қол­да­ны­сын кеңейту болып саналады. «По­ли­ция қызметкерлерінің мемлекеттік тілге, елі­не, Отанына деген құрметін арт­тыру, тіл­дік ортаны қалыптастыру, сон­дай-ақ, тіл мәдениетіне тәрбиелеуде де бай­қау­дың алар орны ерекше. Сол себепті де бо­­­лар «Парасатты полицейге» қатысу – әр қыз­меткер үшін мәртебе», дейді іс-ша­­ра­ға мұрындық болып жүрген ІІМ Идео­­ло­гиялық және имидждік жұмыс де­пар­­таментінің басшысы Альбина Махамбетова.