«Астана Опера» театрының әкімшілігі театр жанындағы опералық және балеттік студияға балалар қабылдай бастады. Балетті меңгеруге ниет білдіретіндер 8 бен 10 жас аралығында, опералық студияның үміткерлері 6 мен 15 жас аралығында, балалар хоры, оркестр, аспаптар ансамбліне келем деушілер 10 мен 16 жас аралығында болуы керек. Бірінші кезекте музыкалық қабілетке және музыкалық білімге мән беріледі.

«Астана Опера» академиясы балалар студиясының менеджері Майя Бекназар, «Астана Опера» театрының опералық студиясы балалар хоры мен камералық оркестрдің әртістерін дайындайтынын атап өтті. «Жас әртіс үшін өнер көрсеткенде қорқынышқа бой бермей, сахнаға шығуды үйренгені, пластикасы жақсы болып, бойындағы талабын көрсеткені маңызды. Сол үшін опералық студияның қатысушылары актерлік шеберлік мектебінің дайындығынан өтеді», дейді М.Бекназар.
Дәріс балаларға сахна әлемінің қыр-сырын толық таныстырып, өнерлерін қобалжымай көрсетуді, актерлік және шешендік өнерді, пластиканы меңгеруді және өз әріптестері – студияның жас таланттарымен достасуды үйретеді. Актерлік шеберлікке икемделудің арқасында адам шығармашылық еркіндігіне, әрқилы әрі толыққанды тілдесуге жол ашады. Білім алудың қосымша үлгісі болғанына қарамастан студияға қатысушылар кәсіпқой әртістердің деңгейіне сай шеберлік шыңдауға мүмкіндік беретін дайындықтан өтеді.
Балалар тек дәріс алып қана қоймайды, сонымен қатар, оларды жасы үлкен әртістермен бірге «Астана Опера» театрының опералық спектакльдерінің қойылымдары мен концерттеріне, сондай-ақ, балалардың жеке спектакльдеріне қатыстыру жоспарда бар.
Өтінім www.astanaopera.kz сайтында ағымдағы жылдың 21 ақпанына дейін қабылданады.
Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.