Бұндай жағдайда Қарулы Күштер әрдайым соңғы қолдану құралы болып табылады. Сондықтан сырттан төнетін қауіпті модельдеу кезінде біз оқиғаларды дамытудың барынша жағымсыз нұсқаларының сценарийлерін пысықтаймыз.
Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде жаңа өңірлік және жаһандық сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің орын алуын ескеріп, ведомствоаралық тәсілді қолдану өзекті болып отыр.
Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасау арқылы, әскери қатерлердің өршуі және соғыс жағдайы енгізілген кезде, мемлекет қызметін жоспарлауды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу жоспарланып отыр. Жағдайдың кенеттен өзгеруіне қатысты мәселелер де пысықталады. Бұл ретте Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қауіп-қатерлер де негізге алынады.
Жаңа Әскери доктринада бюджеттің мүмкіндіктері мен отандық экономиканың әлеуетіне төнуі мүмкін қатерлер ескеріледі. Осыларға сүйеніп, жалпы мемлекеттік қорғаныс саясатының нақты саяси бағдарлары қалыптасады.
Серік БОРАМБАЕВ,
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары, генерал-майор