Өнер • 07 Қыркүйек, 2021

Отанды тану жобасы

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық музейде «Менің Қазақстаным» атты мә­дени-білім беру және экспозициялық жобаның ашылуы өтті.

Отанды тану жобасы

Мазмұнды іс-шараның  ашы­­луында  Ұлттық музей ди­­рек­торының орынбасары Абай Сатыбалдин аталған жо­ба­ның маңызына тоқтала ке­ліп: «Әрбір қазақ баласы ата-баба тарихына құрметпен қа­рап, өз ұлтының әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін, әдебиеті мен мә­де­ниетін жетік білуі керек. Ұлт­тық құндылықтар ар­қы­лы тәрбие алған ұрпақ – ең­бе­к­қор, өнерлі, білімді, ақыл­ды, болып өседі.  Біздің «Ме­нің Қазақстаным» атты жоба­ны ашудағы  мақсатымыз – өске­лең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуына ерекше көңіл бөлу» деді ол.

Жобадағы экспозиция құры­лымы 10 бөлімнен тұрады, бар­лық  бөлім еліміздің терең тарихы мен табиғатын балаларға қолжетімді құралдармен толық таныстырады. Ақпарат аймағы − Қазақстанның интерактивті географиялық картасымен, Ұлы Жібек жолының кар­тасы­мен және электронды дүң­гір­шекпен жабдықталған. Экс­позиция «Қазақстан география­сы», «Қазақстан табиғаты», «Қазақстанның археология­лық ескерткіштері» және «Ұлы Жі­бек жолы», «Қазақстанның мә­де­ниеті мен этнографиясы» се­кілді тақырыптарды қамтиды.

Іс-шара барысында балалар ойын арқылы ел тарихы, мәдениеті, табиғаты тура­лы мол мағлұмат алып, өз­дері археологиялық қазба жұмыс­та­рын жүргізді, киіз үйде болып, халқымыздың салт-дәстүріне қатысты бейнематериалдарды тамашалап, ұлттық киіммен суретке түсті.