Білім • 07 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда 2025 жылға дейін 1000 мектеп салынады - Ә.Ерғалиев

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда 2025 жылға дейін 1000 мектеп салынады - Ә.Ерғалиев

«Типтік оқу жоспарларын алып тастау бойынша «Білім беру туралы» заңға өзгерістер енгізіледі. Мұғалімдерді 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту, сонымен бірге «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады», деп түсіндірді Әсет Ерғалиев.

Одан бөлек, дарынды балаларға және олардың ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар беру, сонымен бірге бір реттік ақшалай сыйақы да төлеу көзделіп отыр.

«Мектептердегі орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1 000 мектеп салу жоспарлануда. «Жас талап» жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр», деп баяндады Ұлттық экономика министрі.

Еске сала кетейік, Президент 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында 2025 жылға дейін 1 000 мектеп салуды тапсырған болатын.