Әлем • 07 Қыркүйек, 2021

Қырғызстан Президенті қорғаныс министрін ауыстырды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Таалайбек Өміралиевті қызметінен босатып, бұл қызметке Бақтыбек Бекболотовты тағайындады. Бұл туралы Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстан Президенті қорғаныс министрін ауыстырды

Таалайбек Омуралиев. Фото: Вадим Савицкий

«Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Омуралиев Таалайбек Барыктабасович басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды», делінген хабарламада. 

Ведомствоның жаңа басшысы болып Бақтыбек Бекболотов тағайындалды. 

Т. Өмірәлиев 2021 жылы 5 мамырда ғана министр болып тағайындалған еді. 

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Қырғызстанда Мемлекеттік қорғаныс комитеті мен Бас штаб Қорғаныс министрлігіне біріктірілді.