Қоғам • 07 Қыркүйек, 2021

Картоп пен сәбіз тұрақтандыру қорында сақталады - АШМ

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымаралық кезеңде Қазақстанда картоп, сәбіз, қырыққабат және пияздың бес айлық қоры қалыптастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Картоп пен сәбіз тұрақтандыру қорында сақталады - АШМ

«Бағаны тұрақтандыру үшін, ең алдымен, Тұрақтандыру қорларының жұмыс принципін қайта қарау қажет. Маусымаралық кезеңде - қаңтардан мамырға дейін Тұрақтандыру қорларында қала халқының қажеттілігінің 30% қамтитын көлемде картоп, сәбіз, қырыққабат және пияздың 5 айлық қорын және қарақұмық пен күнбағыс майын бүкіл халықтың қажеттілігі бойынша қалыптастыру ұсынылады», деді ол.

Есеп бойынша республикада картоп пен көкөніс сатып алу көлемі 229 мың тоннаны, сондай-ақ қарақұмық жармасы 17,6 мың тоннаны және күнбағыс майы 28,5 мың тоннаны құрайтынын айтты.

«Дайын өнімді алу үшін Азық-түлік корпорациясы жоспарланған Тұрақтандыру қорларының 10% мөлшерінде күнбағыс пен қарақұмықтың қосымша көлемін, сондай-ақ шамамен 4 мың тонна көлемінде қант алуды ұйымдастырады. Бұл ретте Азық-түлік корпорациясымен 9 150 тонна күнбағыс (3 660 тонна май) және 691 тонна қарақұмықты (415 тонна қарақұмық жармасы) форвардтық сатып алу шеңберінде келісімшарт жасалды. Қарақұмық, күнбағыс, қанттың қалған көлемі нарықта тікелей сатып алу бойынша сатып алынады», деді бірінші вице-министр.