Министрдің сөзінше, төртінші бағыт бойынша 22 іс-шараны іске асыру көзделген.
«Агломерацияны дамыту туралы» Заң әзірленетін болады. Сондай-ақ жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес Өңірлердің даму жоспарларын өзектендіру жоспарланған. Стратегиялық инвесторлармен бірлесіп, елімізде кем дегенде 2400 мегаваттық жаңартылатын қуат көзі іске қосылады.
«Еліміздің аса ластанған 10 қаласын орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіру жоспарлануда», деді Ә.Ерғалиев.