Футбол • 07 Қыркүйек, 2021

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына даярлануда

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері футзалдан Қазақстанның ұлттық құрама командасы әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы даярлықтарын пысықтауда, деп жазады Egemen.kz.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына даярлануда

Алғашқы ойында жерлестеріміз Югорскінің «Газпром-Югра» клубына 0:2 есебімен есе жіберді. Келесі кездесуде Ресей құрамасынан жеңілді – 4:7. Соңғы матчты айтулы мемлекеттердің ұлттық құрамалары қайта күш сынасты. Бұл жолы тең есеп тіркелді.

«Қатарынан екі кездесуде жеңілдік екен деп жанкүйерлердің жігері жасымасын. Осындай маңызды жарыс қарсаңында біз әдейі мықты командаларды таңдадық. Бір жағынан өзіміздің мүмкіндігімізді шамалап, екінші жағынан Ресейдің қандай даярлықпен аттанып бара жатқанын байқадық. Ал әлем чемпионатында біз барынша нәтижелі өнер көрсету үшін барымызды саламыз», – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдік дода 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада өтеді. Қазақстанның футзалшылары жарыс қожайындары, Коста-Рика және Венесуэламен бір топқа түсті.