Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2021

Саябақта ток соққан баланың жағдайы ауыр

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы саябақта баланы ток соғып, ауыр халде орталық облыстық ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саябақта ток соққан баланың жағдайы ауыр

Фото: pixabay.com

«Мой город» сайтының жазуынша, оқиға 2 қыркүйек күні кешкі тоғыздар шамасында Атырау облысы Құрманғазы ауылының орталық саябағында болған.

Баланың туыстары 11 жастағы Аманжол Сұлтанның көшені жарықтандыру бағанын ұстап қалып, электр тогына түскенін айтады. Жәбірленуші бірден аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Емдеу мекемесінің хирургі Нұрғиса Шолпанов бастапқыда баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланғанын айтады.

«Бала үш күн реанимацияда болды. Тыныс алу және жүрек жетіспеушілігі болды. Реаниматологтар уақытылы білікті көмек көрсетті. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, тиісті ем қабылдап жатыр. Электр тогынан кейін жүрек-тамыр жүйесі бірінші кезекте зардап шегеді. Бүгін ол екінші ЭКГ процедурасынан өтеді. Нәтижесін облыстың мамандары зерттейді, бастапқы көрсеткіштермен салыстырады. Емдеу курсы 10 күн, бала жалпы палатада жатыр», дейді Шолпанов.

Орталық Жеңіс саябағы қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны үшін жабық. Ол 2021 жылы ауыл әкімдігінің балансына берілген.

Баланың ата-анасы полицияға арыз жазбаған.