Әлем • 07 Қыркүйек, 2021

Вьетнамда азық-түлік қоры азайды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін енгізілген локдаун Вьетнамның ең ірі қаласының тұрғындарының ашығуына әкеп соқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вьетнамда азық-түлік қоры азайды

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады.

«Толық оқшауланудың салдары ауқатсыз қалуға мәжбүр етті. Мұнда 9 миллион адам тұрады және қала пандемия эпицентрінде болды. Елде коронавирусты жұқтырудың анықталған жағдайларының саны 520 мыңды құрайды, 13 мыңнан астам адам қайтыс болды, олардың 80% Хошиминде» делінген хабарламада.

Covid-19 ауруы диагнозы қойылған және олармен байланыста болған тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынады, барлық жерде бақылау-өткізу пункттері орнатылған, ал ауру мен өлім-жітім көрсеткіштері әлі де өсуде.