Әлем • 07 Қыркүйек, 2021

Сот MH17 апатына қатысты үкімнің қашан шығатынын айтты

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Амстердамнан Куала-Лумпурға MH17 рейсімен ұшқан Malaysia Airlines авиакомпаниясының Boeing 777 апаты туралы шешім 2022 жылдың соңына дейін шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz MENAFN-ге сілтеме жасап.

Сот MH17 апатына қатысты үкімнің қашан шығатынын айтты

Бұл туралы төрағалық етуші судья Хендрик Стоенхуис мәлімдеді. Үкімнің болжамды күндерінің ішінде ол 2021 жылдың 22 қыркүйегі мен 22 желтоқсанын атап өтті.

Сотта MH17 апатынан қайтыс болғандардың 90-нан астам отбасы мүшелері - Нидерланды, Австралия, Малайзия, Индонезия және Канада азаматтары сөз сөйлейді. Алдын ала кестеге сәйкес сот тыңдаулары осы жылдың 7, 10, 13, 14, 16, 21, 23 және 24 қыркүйегінде өтеді.

Аталған іс бойынша төрт айыпталушы - өзін-өзі жариялаған ДХР (Донецк Халық Республикасы) бұрынғы Қорғаныс министрі Игорь Гиркин (Стрелков), генерал-майор Сергей Дубинский (Хмурый), полковник Олег Пулатов (Гюрза), сондай-ақ Украина азаматы Леонид Харченко (Крот). Олар Ресейден Украинаға Boeing 777 атылған зениттік-зымыран қондырғысын жеткізді деп күдіктенеді.

Еске сала кетсек, 2014 жылдың 17 шілдесінде Амстердамнан Куала-Лумпурға аттанған Malaysian Airlines рейсі апатқа ұшырады. Ол Донецк облысында, Ресей-Украина шекарасынан шамамен 50 шақырым жерде құлады.

Әуе кемесінде болған 300 адамның барлығы қайтыс болды.