Оқиға • 07 Қыркүйек, 2021

Белгісіз біреулер Премьер-Министрге тас лақтырды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгісіз біреулер Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдоға ұсақ тастар лақтырды. Оқиға Лондондағы (Онтарио) сайлауалды шараның соңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгісіз біреулер Премьер-Министрге тас лақтырды

Канаданың CBC хабар тарату агенттігінің хабарлауынша, Либералдық партияның жақтастарымен кездесуге оның саясатымен келіспейтін азаматтардың үлкен тобы да келген.

Олар коронавирус инфекциясына қарсы міндетті вакцинацияға наразылық білдіріп, ел тұрғындарының құқығы мен бостандығын қорғауды талап еткен. Бұл жайлы әлемдік БАҚ жазды.

Сонымен қатар наразы топ саясаткерге байланысты ұрандар айтты. Ал тастардың бір бөлігі Трюдоға, бір бөлігі оның күзетшілеріне тиген. 

Бір уыс тасты автобуста отырған Премьер-Министрге қарай лақтырған сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып кетті. 

Бұған дейін осы секілді наразылық  салдарынан Премьер-Министр Онтарио штатының Болтон қаласында өтетін шарадан бас тартуға мәжбүр болған еді. 

Айта кетейік, Канада 20 қыркүйекте мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды өткізуді жоспарлап отыр.