Әлем • 07 Қыркүйек, 2021

Түркіменстан Президенті Өзбекстанға ресми сапармен барады

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жақын арада Өзбекстанға ресми сапармен барады. Іс-сапар барысында ынтымақтастық туралы құжаттар пакетіне қол қойылады. Бұл туралы Бердімұхамедов жұмыс бейнеконференциясы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркіменстан Президенті Өзбекстанға ресми сапармен барады

Г.Бердімұхамедов Премьер-Министрдің орынбасары Есенмырат Оразгелдиевке алдағы аптада қол қоюға дайындалып жатқан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі құжаттарды Түрікмен-Өзбекстан бірлескен комиссиясының алдағы отырысында өзбекстандық әріптесімен талқылауды тапсырды. 

Г.Бердімұхамедов соңғы рет Өзбекстанға 2019 жылдың қарашасында келген. Сондай-ақ 2021 жылдың тамызында екі ел басшылары Каспий теңізі жағалауындағы «Аваза» ұлттық туристік аймағында Орталық Азия елдері президенттерінің үшінші консультативтік кездесуі аясында жүздескен.