Спорт • 07 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық мергендер ТМД ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Татарстанның Қазан қаласында ТМД ойындары өтіп жатыр. Қазақстандық мергендер нысана көздеуден қоржынға бірнеше медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық мергендер ТМД ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді

ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, 50 метрге нысана көздеуден Арина Алтухова алтын, Ирина Безрукова күміс медаль иеленді. 

Пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден Ирина Локтионова топ жарса, Никита Чирюкин жеңістің екінші тұғырына көтерілді.