Әлем • 07 Қыркүйек, 2021

Ангела Меркель Бундестаг алдында сөз сөйледі

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Германия канцлері Ангела Меркель 7 қыркүйекте Бундестагтың пленарлық отырысында сөз сөйледі. Оның сөзі 14 минутқа созылды, деп хабарлайды Egemen.kz TACC агенттігіне сілтеме жасап.

Ангела Меркель Бундестаг алдында сөз сөйледі

Меркель өз сөзінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес, «жасыл» энергетиканың дамуы, терроризм мен киберқылмысқа қарсы күрес туралы айтты.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцинация курсынан өтуге тағы бір рет шақыруға мүмкіндік алды. Сөз соңында ол оппозицияның наразылығын тудырған ішкі саясат тақырыбын көтерді. Отырысты жергілікті телеарналар көрсетеді.

Сондай-ақ, Меркель өз сөзінде Христиан-демократиялық және Христиан-әлеуметтік одақтардан (ХДС/ХСС) үміткер Армин Лашетті қолдап, нәтижесінде, депутаттардың наразылығына жауап беруге мәжбүр болды.

«Келесі Үкіметте кім болатыны өте маңызды. Ол социал-демократтардың «жасыл» үкіметі болып, сол жақтың қолдауын ескереді немесе кем дегенде мұндай дамуды жоққа шығармайды», деді канцлер.

Сол жақ партияның фракциясы орналасқан жағынан жағымсыз айқайлар естілгеннен кейін, Меркель: «мен жай ғана шындықты айтамын», деп жауап берді.

Германиядағы Парламенттік сайлау 26 қыркүйекте өтеді. Конституцияға сәйкес, жаңа құрамдағы Бундестаг дауыс бергеннен кейін 30 күн ішінде жиналуы керек. Канцлердің өкілеттіктері жаңа легислатуралық кезеңнің алғашқы кездесуімен дәл аяқталады. Канцлер ресми түрде атқарушы болады, бірақ іс жүзінде барлық өкілеттіктерді сақтайды. Бұл теориялық тұрғыдан Меркель келесі шақырылымдағы депутаттарға үндеу жасай алатындығын білдіреді.

Жаңа канцлер Президенттен сенім грамотасын алғаннан кейін қызметке кіріседі. Бұл партиялар коалициялық келіссөздерді аяқтағаннан кейін орын алады. Төрт жыл бұрын мұндай келіссөздерге 172 күн кетіп, рекордтық көрсеткіш болды.