Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2021

Енді шетелде жүріп те ЭЦҚ алуға болады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан азаматтары еліміздің шет елдердегі елшіліктері мен консулдықтарынан электрондық цифрлық қолтаңбаны ала алады, деп жазады Egemen.kz.

Енді шетелде жүріп те ЭЦҚ алуға болады

ҚР СІМ хабарлауынша, пилоттық жоба Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы-Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте жұмыс істейді.

Жобаның мақсаты – елден тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын отандастарға «электрондық үкімет» порталының барлық автоматтандырылған қызметін, оның ішінде Сыртқы істер министрлігінің электрондық қызметін қолжетімді ету.

Шетелдегі мекемеге барар алдында азаматтар ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының порталында «жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ» алу үшін алдын ала өтінім беру қажет. Ол үшін NCALayer бағдарламасын орнатып, ЖСН енгізіп, тиісті бағандарды толтыру қажет.

«Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өзінің қолы бар өтініш негізінде консулдық лауазымды адам ЭЦҚ кілттерін шығаруға өтінімді ақпараттық жүйеде растай алады. Бұдан кейін өтініш беруші www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) іске қосуы қажет.

Қазақстанның мобильді азаматтары базасында телефон нөмірі тіркелген жағдайда ЭЦҚ-ны қашықтанда (бармай) алуға болатынын еске саламыз», деп жазылған ведомство хабарламасында.