Президент • 08 Қыркүйек, 2021

Мектептің құрылысы басталды

431 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елді мекеніне жеке кәсіпкер 150 орындық мектеп салып беретін болды. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыр­күйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсе­тіл­ген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.

Мектептің құрылысы басталды

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Жолдауда берілген тапсырманы орындау бойынша жұмыс қарқынды жүргізілетінін айтты.

– Бүгінгі таңда Арыс қаласында же­ке кәсіпкерлердің мектеп салу­ға деген қызығушылықтары өте жо­ға­ры болып отыр, – дейді қала әкімі.

Өз кезегінде мектеп құрылы­сын бастаған жеке кәсіпкер Клара Нұрманова Онтам елді мекенінде мектеп салу ісі көптен бері ойда жүргенін айтты.

– Халықтың және қала бас­­шы­­лы­ғының қолдауымен бұл іс жолға қойылып отыр. Көпшілікке рахмет айтамын. Елді мекеннің тұр­ғындары жұмыспен қамтылсын деп, оқушылар қыста тоңбай, жа­қын жердегі мектепке барсын деп халық үшін игілікті іс бастап жа­тыр­мыз. Мектеп 150 орындық бо­ла­ды. Оған өз есебімізден 600 млн теңге қаржы бөлеміз. Жерді мем­л­екет­тен аукцион арқылы сатып алдық, – деді Клара Нұрманова.

Ал Арыс қалалық адами әлеует­ті дамыту бөлімінің басшы­сы Әшім­хан Момбеков болса, бүгін­гі таңда қалада 37 мектеп бар екенін жеткізді.

– Онда білім алушылар саны 20 мыңға жуықтайды. Осыдан 2 жыл бұрын шағын аудандар бойынша бала санының артуына орай бірнеше мектеп құрылысы бас­талған. Енді, міне, Онтам елді ме­ке­нінде 150 орындық мектептің құ­ры­лысын жеке кәсіпкер қолға алып отыр. Тағы екі мектептің құры­лы­сы об­лыстық бюджет есебінен қар­жы­ландырылады, – дейді Ә.Момбеков.

2,5 гектар шамасындағы аумақ­­ты алып жатқан мектеп маңын­­да спорт алаңы да салынады. Құрылыс кезінде жергілікті 50 азамат жұмыспен қамтылады. Мер­дігер компания нысанды ал­дағы оқу жылында толық бітіріп, пайдалануға беруді көздеп отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Онтам ауылында «Ынтымақ» атын­­дағы шағын жинақты бас­тауыш мек­­теп қана бар. Ол жерде 1-4 сынып аралығындағы 50 бала білім алады.

Ал 5-11-сыныптар аралығын­дағы 42 бала Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы мектепке қатынап оқиды. Жалпы алғанда, ауыл тұрғындарының саны 500-ге жуық болса, оның 105-і мектеп жасындағы балалар.