Он бір мемлекеттің аумағында өткен VII Армия халықаралық ойындары аяқталды. Қазақстандық әскери қызметшілер бұл әскери сайысты жемісті өткізді. Біздің жауынгерлердің қоржынында екі алтын, бір күміс және сегіз қола медаль бар.

Ойын бағдарламасына 40-тан астам елдің әскери қызметшілері қатысты. Жарыс бір мезгілде 23 полигонда және үш теңіздің су айлағында өтті. Қазақстандық әскери қызметшілер оның ішінде он бір конкурсқа қатысты, олардың екеуі елімізде өтті.
«Мәтібұлақ» полигонында өткен «Сұңқар аңшылығы» конкурсы бойынша, яғни әуе барлауын жүргізу, берілген нысандарды іздеу, ұшқышсыз ұшу аппараттарына қызмет көрсету және оларды ұшуға дайындау, оқ атудан шеберліктерін көрсету сайысында Қазақстан 1-орын алды. Сол полигонда «Артиллериядан оқ ату шеберлері» сайысында минаатқыш есептоптары бақ сынасты. Конкурстың үш кезеңінде әскери қызметшілер жылдамдық пен мергендік көрсететін жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Олар жеке жарыста, түнгі спринт және финалдық эстафетада жеңіс үшін күресті. Нәтижесінде, Қазақстан командасы жеңімпаз атанды.
Рязаньда «Десант взводы» конкурсы өтіп, қатысушылар взвод құрамында десант түсірді, марш жасады, жауынгерлік көліктерде жарысты және қоян-қолтық ұрыс жүргізді. Бұл конкурста 2-орынды Қазақстан мен Қытай әскери қызметшілері өзара бөлісті. «Тактикалық мерген» конкурсында әскери қызметшілер ғимараттағы, батпақты жердегі және ормандағы ұрысты түрлі жағдайда көрнекі көрсетіп, тапсырмаларды орындады, сондай-ақ жауынгерлік құрамда екеуден және төртеуден топтасып жарысты. Бұл сайыста үздік үштікті Қазақстан түйіндеді.
Тывада өткен «Аттар марафонына» қазақстандық тау-егерлік полктің әскери қызметшілері қатысты. Қазақстандық әскери шабандоздар барлық кезеңдерді абыроймен еңсеріп, 3-орынды қазақстандық команда иеленді. Арменияның Дилижан қаласында «Бейбітшілік жауынгері» конкурсы болып, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 3-орын алды. Мәскеу маңындағы Патриот саябағында «Әскер мәдениеті» конкурсы болды. Оған біздің еліміздің атынан Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы және Қарулы Күштердің әскери-тарихи музейінің қызметкерлері барды. Жиырма елдің командасы қатысқан жарыста 3-орынды Қазақстан мен Беларусь елдері өзара бөлісті. Әскери полицейлер Сербияда өткен «Тәртіп сақшысы» конкурсы барысында кәсіби шеберлік танытты. Оған Иран, Қазақстан, Қатар, Кипр, Ресей және Сербия командалары қатысты. Жарыстар жеке және командалық кезеңдерді қамтыды. Соңғы және аса күрделі сынақ «Батырлар жарысы» болды. Қатысушылар ұзындығы он екі шақырымдық күдергі кедергілерді еңсеруі тиіс болды. Конкурста елімізге 3-орын бұйырды.
«Эльбрус шеңберіне» Қазақстанның таудағы дайындық орталығының әскери альпинистері қатысты. Жарыс Кабарда-Балқардағы «Терскол» полигонында өтті. Бірнеше арнайы тапсырмаларды құраған конкурс барысында қатысушылар жеке және байламдар арқылы тауға өрмелеп жарысты, жасанды тау бедеріне шабуыл жасады, таулы жерлерде бағдарлауды пысықтады, тасадан оқ жаудырды, таудағы өзен арқылы өтті және Эльбрус шыңына шықты. Оған Абхазия, Армения, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Өзбекстан, Ресей және Оңтүстік Осетияның әскери альпинистері қатысты. Конкурс қорытындысында Қазақстан 3-орынға жайғасты. Иранда өткен суүсті кемелері экипаждарының «Теңіз кубогы» жарысында қазақстандық әскери теңізшілер Әзербайжан, Иран және Ресейдің өкілдерімен жарысып, бұл жолы да 3-орынды Қазақстан мен Әзербайжан өзара бөлісті.
Танымал «Танк биатлоны» конкурсы ең үздік танк экипаждарын анықтады. Жарыстар мықты бәсекелестікте өтті. Танкішілер атыс шептері мен кедергілері бар күрделі жолдан өтті. Бірінші кезеңнен бастап қазақстандық әскери қызметшілер он тоғыз елдің қатысушылары арасында үздік үштікте болды. Финалдық эстафетаның қорытындысы бойынша қазақстандық танкистер 3-орынға ие болды.
Биыл санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты Қазақстанның Қарулы Күштері 11 байқауға ғана қатысумен шектелді.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар