Қоғам • 08 Қыркүйек, 2021

«Жыл волонтері» сыйлығы беріледі

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Зерен Нұр» демалыс кешенінде Қазақстанның волонтерлік ұйымдарының басшыларына арналған Жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Іс-шараны Ұлттық еріктілер желісі, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты және АҚДМ қолдауымен ұйымдастырды.

«Жыл волонтері» сыйлығы беріледі

Жазғы лагерьдің ашылуына Мәжіліс депутаты, Ұлттық еріктілер желісінің төрағасы Вера Ким, АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төра­ға­сы Мадияр Қожахмет, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қо­ғам­дық даму институтының бас­қарма төрағасы Асылбек Есен­баев қатысты. Өз сөзінде А.Есен­­баев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­та­масы бойынша Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланғанын атап өтті. «Пре­зидент волонтерлікті тек ұлттық деңгейде ғана емес, әрбір қала мен ауылда дамыту қажеттігін бірнеше рет айтты. Бұл мемлекеттің во­лон­терлік институтын жүйелі, жаңа деңгейге шығаруға мүдделі екенін білдіреді. Ол үшін бізде үлкен әлеует бар», деді ол. ҚҚДИ басқарма төрағасы өткен жылғы пандемия ел үшін қиын сынақ болғанын айта келіп, түр­лі әлеуметтік зерттеулер мен ба­ға­лау­лар бойын­ша сол бір күрделі кезеңде қазақ­стан­дық­тар­дың 45%-ға жуығы волонтер атануға дайын бол­ғанын жеткізді.

АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетімен бірлесіп іске асырылатын Birgemiz: áreket ýaqyty жобасы аясында табысты өңірлік волонтерлік жобалардың жинағы әзірленуде. «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Ұлттық волонтерлік желінің көмегімен www.qazvolunteer.kz.бірыңғай онлайн-платформа­сында «Жыл волонтері» ха­лық­ара­лық сыйлығын өткізетін болады.