«Облыс орталығындағы ЖШС-нің аумағында 45 жастағы жүргізуші тиеу-түсіру жұмыстары кезінде жаяу жүргіншіні қағып кетті», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдарынан белгілі болғандай, жарақат алған 50 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
Ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 356 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 504 адам жарақат алса, 31 адам қаза тапты.