Бизнес • 08 Қыркүйек, 2021

Шағын және орта бизнесті тексеру қайта енгізіледі

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев шағын және орта бизнесті қайта тексеру себептерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шағын және орта бизнесті тексеру қайта енгізіледі

«Жаппай тексеру жүргізгелі отырған жоқпыз. Мұны барынша қашықтан, сараптамалық деректерді пайдалану арқылы жүргізуге тырысамыз. Айталық, электронды шот-фактура жүйеміз нақты жеке кәсіпкерлікке қанша тауар жөнелтілгенін қадағалауға мүмкіндік береді. Егер, онда ай сайын, күн сайын үлкен сомаға тауар жөнелтілсе, онда біз мұны электронды шот-фактурадан көріп отырамыз. Бұған қоса, ол ешқандай кірісін көрсетпесе, онда жүйеміз тәуекелді, яғни, аталған жеке кәсіпкерліктің залық заңнамасын бұзуы мүмкін екендігін көрсетеді», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қалай болғанда да жеке кәсіпкерлікке мұндай жайттың орын алу себебін түсіндіруге мүмкіндік беріледі.

«Мынадай бір мысал келтіре кетейін. Халық тұтынатын тауарларды, айталық киім-кешек сатып алатындай көрінетін, бірақ азық-түлік сататын компаниялар бар. Ұзақ уақыт бойы, тоқсаннан тоқсанға, жылдан жылға осылай жалғаса береді. Бұл дебеттік сальда алу сызбасы байқалады. Бірақ, біз барып, көре алмаймыз. Олар халық тұтынатын қандай тауар қалғанын айтады. Яғни, алдағы уақытта анық бұзушылық байқалатын болса, онда оны өз бетінше жоюға мүмкіндік береміз. Содан кейін ғана тексеруге бастамашылық жасаймыз», деді Жайдар Іңкәрбаев.