Спорт • 08 Қыркүйек, 2021

Футзалдан әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада футзалдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңінің ойындары өтеді, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Футзалдан әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі

Турнирге 6 топта барлығы 24 команда қатысады. Қазақстан құрамасы А тобында Литва, Коста-Рика, Венесуэла командаларымен ойнайды. Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар мен 3-орын иелегендер арасынан 4 үздік команда шығады.

Топтық кезең 12-20 қыркүйек аралығында өтеді. Плей-офф 1/8 финалдың матчтарымен 22-24 қыркүйекте басталады. Ширек финалдар 26-27 қыркүйекте, жартылайфиналдық ойындар 29-30 қыркүйек күндері өтеді. Финал мен үшінші орын үшін матч 3 қазанға жоспарланған.

«Qazsport» телеарнасы Қазақстан құрамасының барлық ойындары мен Әлем чемпионатының өзге де командалары арасындағы кездесулерді тікелей эфирде көрсетеді. Онлайн трансляцияны qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45

Бірлікті көрсететін шақ

Пікір • Бүгін, 08:27

Бәйгесіз бесінші күн...

Олимпиада • Бүгін, 08:25