Тағайындау • 08 Қыркүйек, 2021

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Данияр Қуанышбаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Аталмыш басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоның жаңа басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Мәлгаждар Тәткеев таныстырды, ол оның мемлекеттік басқару саласындағы үлкен кәсіби тәжірибесін атап өтті.

«Қазіргі уақытта басқарма алдында жылыту маусымына дайындықты уақтылы аяқтау және Елорда маңындағы өңірлердің тұрғындарын газдандыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы басқа да маңызды жобаларды жүзеге асыру мәселесі тұр», деп атап өтті М.Тәткеев.

Данияр Қуанышбаев 1985 жылы 15 қаңтарда бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар.

2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы университетті, кейін Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-ді «құрылыс» мамандығы бойынша тәмәмдап, техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алды.

Еңбек жолын Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

2008 жылы бас маман болып ауыстырылды, ал 2011 жылы нақты секторды дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болды.

2015 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылға дейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылғы 23 шілдеден бастап Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.