28 Қаңтар, 2014

Ақпараттар ағыны

262 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылға қарай елімізде жаңаратын энергия көздері бағытында отыздан астам стансалар іске қосылады. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, 2011 жылдан бері Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Оларда гидро, жел, күн, биогаз электр стансалары пайдалануға беріліп жатыр.

 

2020 жылға қарай елімізде жаңаратын энергия көздері бағытында отыздан астам стансалар іске қосылады. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, 2011 жылдан бері Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Оларда гидро, жел, күн, биогаз электр стансалары пайдалануға беріліп жатыр.

Қазақстанда өткен жылы 81,8 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді. Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалиннің мәліметі бойынша, есепті кезеңдегі газ өндіру 42,3 пайызды құрады. Бұл жоспардан 4,4 пайызға, ал өткен жылғы межеден 5,4 пайызға артық.

Астанада 80 елді мекеннің бас жоспарын жасау жобаланып отыр. Елорда маңындағы 30 шақырым аумақтың шеңберіне кіретін бұл қоныстарда халық санының бақылаусыз артуының алдын алу мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдеріне мораторий жарияланды.

Оңтүстік Қазақстанда жастар саны 800 мыңға жақындады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша саны 773,4 мыңға жетіп, облыс халқының 28,9 пайызын құраған жас буынның ауылда тұратындары 473,3 мың болса, қалалықтар 300,1 мыңнан асады.

Қызылорда облысы халқының 91 пайызы прокуратура органдарының жұмыс тиімділігін жоғары бағалайды. Мұны «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығы жүргізген сауалдама анықтап берді. Бұдан кейінгі алғашқы орындарда, сондай-ақ ішкі істер және төтенше жағдайлар органдары тұр. Ал сеніміне көбірек селкеу түскен кеден қызметі болып шықты.

Маңғыстау облысының сот орындаушылары жыл ішінде борышкерлерден 1,7 млрд. теңге өндірді. Облыстық сот актілерін орындау департаментінің басшысы Жаңабай Кемелханов бұл мөлшердің 2012 жылмен салыстырғанда, 1 млрд. 387 млн. теңгеге көп екенін айтып отыр.

Павлодар облысы Успен ауданы жұртының 35 пайызы ғана сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауданда жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Қанат Бозымбаев мұндағы тұрғындардың 52,8 пайызы өздері қазып алған құдықтарды пайдаланып отырғанын білгесін, бірінші кезекте сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің жайын ойластыруды тапсырды.

«ҚазАқпарат», Egemen.kz хабарлары

бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар