Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жолындағы ұзақмерзімді басымдықтарын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жолдарын, тетіктерін белгілеп берді.

Елбасы өз Жолдауында білім, ғылым, экономика, технология, бизнес, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған түйінді мақсаттарды айқындап, «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы», деп ерекше атап көрсетті.
Ата-бабаларымыздың ұлы арманы, ұлтымыздың ұлы бағдары, қазақстандық ортақ шаңырағымыздың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы «Нұр Отан» партиясының XV съезінде қабылданған «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» Доктринасында көрініс тапқан қазақстандық патриотизмнің идеялық негіздері – «ел бірлігі», «халықтың ынтымағы», «ұлттық қауіпсіздік», «берекелі отбасы», «төл мәдениет», «тамыры терең руханият», «жалпыға ортақ еңбек қоғамы» сынды жалпыұлттық құндылықтарға сәйкестігімен маңызды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жобасын жүзеге асыру – баршамыз үшін абыройлы міндет.
Қадиша ОСПАНОВА,
«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық
филалы төрағасының бірінші орынбасары,
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.