Президент • 09 Қыркүйек, 2021

Маңызды мәселелер көтерілді

522 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан аграрлық салаға негіз­дел­ген мемлекет болғандықтан, ауыл ша­руашылығын дамытпай, ел эконо­ми­касын өркендету мүмкін еместі­гін Президент бұған дейінгі Жолдауларында да үнемі айтып келеді.

Маңызды мәселелер көтерілді

Бұл жолы да аграрлық сала бойын­ша жөнге салуға тиіс түйткілді мәсе­ле­­лерді көрсетіп берді. Атап айт­қан­­да: ауыл шаруашылығындағы жем­шөп дайындайтын жерлерді кеңей­ту, ауыл маңында мал жаятын жа­­йы­лым жерлердің жоқтығы, лати­фун­дис­тер­дің иелігіндегі игерусіз жат­қан жер­лерді шағын фермерлік қожа­лық ие­лері­не қайтадан әділ жолмен бөліп беру, субсидия мәселесін жетіл­діру, т.б. маңызды мәселелер бойынша Үкі­метке нақты тапсырмалар берді.

Ауылдарда қазіргі кезеңде ең тапшы мамандардың бірі – мал дәрігер­лері. Бұл тұрғыда да Жолдауда ветеринария қызметін қазіргі заман талабына сай жетілдіру керектігіне, ветеринар мамандардың жалақысын көбейтетіндігіне тоқталып, осы саланы реформалау бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Ауылды өркендету – ұлттың мерейін көтеру. Отандық сапалы  азық-түлік өнім­дерімен қамтамасыз ету – аса ма­ңызды стратегиялық мәселе. Сондықтан да Президенттің ауыл шаруашылығының дамуына баса назар аударғаны орынды деп есептеймін.

Өзім өнер адамы болғандықтан да мәдениет қызметкерлерінің, атап айтқанда, кітапханашы, музей қыз­мет­кері секілді мамандардың жалақы­сы 2025 жылға дейін жыл сайын 20 пайызға көтерілетіндігі көңілге қуаныш ұялатты.

Ғылымды дамыту – елдің аса ма­ңыз­ды басымдығы екендігін қадап айт­ты. Ғалым ретінде ғылым саласын грант­­тық қаржыландыру мерзімін бес жылға ұзарту мәселесін де қуана құптаймын.

Ұлт болашағы – тәрбиелі, білімді ұрпақ. Сондықтан да Прези­дент­тің 2022-2025 жылдар аралығын­да жаңадан мың мектеп салуды тапсыруын – ұрпақ болашағына жасалған қам­қорлық деп түсінемін. Халық­аралық олимпиада жүлдегер­лері бол­ған оқушыларды материалдық, рухани ынталандыру, сыйақы тағайындау еліміздің мерейін асқақтатар дарынды балалардың қатарын көбейте түсетіні ақиқат. Ол үшін де Президентке рахмет айтамыз.

Мемлекетіміз қуатты, халқымыз ынтымақты, ұрпақтарымыз білімді, болашағымыз жарқын болсын!

 

Аманжол ӘЛТАЙ, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері