Президент • 09 Қыркүйек, 2021

Басты күш – бірлікте!

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз, Абай музейінің қызметкерлері мәжіліс залына жиналып, Жолдауды тыңдап, өз ойымызды ортаға салдық. Жеті бағыт бойынша жоспарланған істерді тыңдап, еңсеміз көтеріліп, марқайып қалдық.

Басты күш – бірлікте!

Мемлекет басшысы осы Жолдауын Тәуелсіздіктің бәрінен қымбат екенінен бастады: «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы». Тәуелсіздіктің игілігі – бұл аса құдіретті сөз.

Жасыратыны жоқ, былтыр ғана, Президентіміздің тікелей қолдауымен біздің музей «қайта түлеп ұшқан қырандай» болды.

Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі келіп, жаңарған музейді ашып бер­ді. Халық арасында бүгінде Абай му­зейі туралы «Даналық пен жаңа­лық­­тың үндескен музейі» деген тіркес те қа­лыптасты. Пандемияның асқы­нып тұр­ғ­ан кезінде, Абай музейін­де құ­ры­лыс, қайта жаңғырту, музейлен­діру және ғылыми-танымдық жұмыс­тары өте қар­қынды жүрді. Біз бірліктің арқа­­сында, талапқа сай тәртіптің арқа­сында бәрін абыроймен атқарып шықтық.

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауын толық қолдаймыз. Басты күш – бірлікте.

 

Тұрдықұл Шаңбай,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры