Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру туралы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымына тың серпіліс әкелді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру туралы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымына тың серпіліс әкелді.
Жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың бірден-бір жолы білімділікке ұмтылыс болу керектігі атай отырылып, білім беру сапасын арттыруға жан-жақты және аса мән берілуі қажеттігі пысықталды. Әсіресе, педагогикалық институттардың қызметіне ыждағаттылықпен қарауды тапсырған Елбасы нұсқауын біздің ұжым асқан жылылықпен қабылдады.
Болашақтың тұтқасы жастар болса, олардың саналы да ұлтжанды азаматтық болмысының қалыптасу негізі – мектеп. Ал ұстаз – мектептің жүрегі! Мұғалім баланы оқытып қана қоймайды, тәрбиелеп, дамытады да. Ал осыдан-ақ бір басында сан мамандық түйіскен ұстаз жүгін өзіңіз салмақтай беріңіз... Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің шеңбері білім берумен қатар, баланың жеке басын дамыту және тәрбие үрдісін басқаруды қамтитынын тұжырымдамалық тұрғыда негіздеген біздің институттың ұстаздары болашақ маманның педагогикалық портретінің қалыптасуына ЖОО-дағы академиялық кезеңнің маңызы ерекше деп санайды. Сондықтан оқу орнымызда білімгерлердің рухани-адамгершілік дамуына әрі олардың, Елбасы атап көрсеткендей «жаңарған қоғамда табысты болуларына» ерекше ден қойылған. Осы ретте білім бағытындағы 24 мамандықтың оқу жоспарына «Білім беру саласындағы акмеология», «Гендерлік саясат негіздері», «Өлкетану», «Өзін-өзі тану» пәндерінің ендірілгені бір ғана мысал.
ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады. Елімізде уақытпен үндес жүзеге асырылып жатқан көптеген жаңарулар мен жаңғырулар үрдісінің көшбасшысы бола отырып, мемлекетті, оның негізгі байлығын құраушы күш – қазақстандықтарды жаңа сапалы деңгейге көтеруді мұрат тұтқан «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру тетіктері осы жолғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауда арнайы талданды. Қазақстанның халықаралық аренадағы орны оның географиялық, саяси-экономикалық әлеуетімен ғана емес, рухани-әлеуметтік жағдайымен де ерекшеленетін болуы керектігі туралы баса айтқан Н.Назарбаев сөзі әлеуметтік сала қызметкерлерімен қатар, жоғары мектеп педагогтарына да үлкен ой салды. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы адами капиталды өрістетуге бағытталған осы Жолдауды білім қуаты арқылы қоғамды әлеуметтік жаңғырту жолы ретінде таниды.
Махаббат ОСПАНБАЕВА,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
педагогика факультетінің деканы.