Халықаралық даму банктерінің Орталық Азия елдерін қаржыландыруы бір жыл ішінде бір жарым есе өскен. Бүкіл қаржыландырудың 85 пайызы Өзбекстан мен Қазақстанға тиесілі. Ал екеуара бәсекеге салар болсақ, көрші ел халықаралық банктер қаржысын көбірек иеленген.

Еуразиялық даму банкі 15 халықаралық банктің базасындағы ақпараттарды негізге ала отырып тоқсандық шолуды жария еткен. Онда көрсетілгендей, 2020 жылы халықаралық қаржы институттары Орталық Азия елдеріне 8,3 млрд доллардан астам қаржы бөлген. Бұл сома 2019 жылдағы ақшамен салыстырғанда бір жарым есе жоғары.
8,3 млрд доллардың 6,7 миллиарды тәуелсіз қаржыландыруға, техникалық көмек пен гранттарға жұмсалған. Жеке сектордағы қаржыландыру үлесі 2019 жылғы 42,6 пайыздан 2020 жылы 19,6 пайызға дейін азайып, 1,6 млрд доллар ғана бөлінген.
2020 жылы әсіресе, Өзбекстан халықаралық қаржыны көбірек алған. Оларға берілген 4,3 млрд доллардың 3,8 млрд доллары – тәуелсіз займ, техникалық көмек және гранттар болса, 512 млн доллары – жеке секторға ұсынылған қаржы көлемі. Қазақстанға 2,8 млрд доллар бөлінген. Соның 1,8 млрд доллары – тәуелсіз займдар болса, тағы 1 миллиарды – жеке секторға ұсынылған көмек. Халықаралық банктердің Тәжікстандағы қаржыландыру көлемі былтыр 740,9 млн долларды құраған. Бұл ретте Қырғызстанға – 508,2, Түрікменстанға 38,2 млн доллар бөлініпті.
Өзбек еліндегі қаржыландыру көлемі бір жылда 76,7 пайызға, Қазақстанда 35,4 пайызға өскен. Сондай-ақ біздің елдегі тәуелсіз қаржыландыру, техникалық көмек және гранттар 1 млн доллардан бірден 1,8 млрд долларға көбейіп шыға келген. Оның есесіне жеке секторды қаржыландыру 2 есе қысқарған, керісінше Өзбекстанда жеке секторды қаржыландыру 3,8 есе артқан.
Орталық Азия елдерін қаржыландыру тұрғысынан халықаралық даму банктері ішінде Азия даму банкі көш бастайды – 2,7 млрд доллар. Одан кейінгі орында – Халықаралық қайта құрылымдау және даму банкі мен Халықаралық даму қауымдастығы тұр: 2,1 млрд доллар. Сондай-ақ Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің де үлесі бар – 1,5 млрд доллар. Бұл банктер өз қаржыларын негізінен тәуелсіз займ ретінде ұсынған. Ал жеке секторды қаржыландыру жағынан Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкі алда тұр – 881,2 млн доллар. Одан кейінгі орындарда – Еуразиялық даму банкі (598,4 млн доллар), Халықаралық қаржы корпорациясы (120,5 млн доллар).
2020 жылы Халықаралық қайта құрылымдау және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы Өзбекстанды қаржыландырған ірі халықаралық даму институты атанды. Олар 1,6 млрд доллар бөліп, соның 500 млн доллары «Ауыл шаруашылығын модернизациялау» жобасына және даму саясатын қолдау бойынша жобалар аясында тәуелсіз займ есебінде берілген. Одан кейін орналасқан Азия даму банкі ұсынған 1,3 млрд доллардың 500 миллион доллары – COVID-19 пандемиясының теріс әсерлерін жеңілдетуге бағытталған.
Ал Қазақстанды қаржыландыру бойынша көш бастаған ірі даму банкі – Азия даму банкі (1 млрд доллар) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (750 млн доллар). Азия даму банкі негізінен әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды еңсеруге, сонымен қатар пандемияға байланысты денсаулық сақтау саласын күшейтуге орай қаржы бөлген. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі болса COVID-19 пандемиясы туындатқан қиындықтармен күресіп, бюджет жүгін жеңілдету үшін несие беруді мақұлдаған.
13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:55
СҚО-да балық аулау тәртібін бұзғандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 18:10
ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан • Бүгін, 17:28
Алматыда 36 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:40
Техас штатында атыс болып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:55
3 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:15
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар