Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қыркүйек күні сағат 22.31-де Центральная промзона көшесі, 395/1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.
– 1998 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 100 автокөлігінде жалпы ауданы 4 шаршы метр болатын мотор бөлігі, құралдар панелі толығымен жанып кетті. 10 шаршы метр алаңға жанар-жағармай төгілген, – деп жазылған хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 23.01-де сөндірілді. Көліктің жануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.