Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Шымкентте карантин ұзартылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте карантин ұзартылды

Қаулыға сәйкес, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. 

Сонымен қатар адам көп жиналатын шара өткізуге тыйым салынды. Жасы 65-тен асқан адамдардың қоғамдық орындарда жүріп-тұруына қойылған шектеу шаралары жалғасады. 

30 адамнан аспайтын Ұлттық құрама мен клубтық командалардың жаттығуына рұқсат берілді.

Сквер, саябақ пен жағалаулар жұмысы жалғасады.

Құжатта қоғамдық транспорт санын көбейту тапсырылған. 

Қаулы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді.