Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

Байден COVID-19-ға қарсы жаһандық саммит өткізеді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті әкімшілігінің мәліметінше, Джо Байден коронавирустық пандемиямен күресу және вакцинацияның жаһандық күш-жігеріне арналған халықаралық саммит өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байден COVID-19-ға қарсы жаһандық саммит өткізеді

«Саммит Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қыркүйек айының соңына жоспарланған отырыстары аясында өтеді. АҚШ-та олар басқа елдермен әлемдегі коронавируспен күресті бірқатар бағыттар бойынша қалай жақсартуға болатындығын талқылайды деп үміттенеді», деп жазады Politico.

Саммит аясында талқыланатын тақырыптардың ішінде вакциналардың өндірісі мен таралуын жақсарту және мұқтаж елдерге оттегінің жеткізілуін арттыру жолдары, сондай-ақ COVID-19-бен байланысты зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы халықаралық ынтымақтастық мүмкіндігі бар.

«Джо Байден 9 қыркүйекте сөйлеген сөзінде саммит өткізуге шақырады деп күтілуде», делінген ақпаратта.

Байден әкімшілігі кейбір елдерге конференция өткізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлады, бірақ әлі ресми шақыру жіберген жоқ.