Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Бекшин Алматыдағы эпидахуал туралы айтты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының бас санитария дәрігері қыркүйектің бірінші онкүндігінде қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекшин Алматыдағы эпидахуал туралы айтты

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 9 қыркүйекке қарай Алматыдағы коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталған. Алайда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «қызыл» аймақта орналасқан.

«Жыл басынан бері 137 мың жағдай тіркелген, тамызда - 47 мыңға жуық, ал қыркүйектің басынан бері тоғыз мыңға жуық жағдай тіркелген. 25 тамыздан бастап эпидемияның төртінші толқыны бәсеңдеп, эпидемияның тұрақтануы байқалады, бұл COVID-19-дың үнді нұсқасына байланысты. Егер 25 тамызда 1 605 жағдай тіркелген болса, 8 қыркүйекте - 976 жағдай. Қала тұрғындары арасында аурушаңдық төмендегені байқалады. Бұл - бүгінде Алматы халқының 46 пайызында иммунитет қалыптасуына байланысты. Бірақ босаңсуға әлі ерте», деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Сонымен қатар Бекшин коронавирустың таралуы тұрақталған және төмендегеннен кейін шектеу шаралары жеңілдетілгенін айтты.
 
«Біз Ashyq бағдарламасына нысандарды енгізе отырып, цифрландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, белгілі бір жеңілдіктер енгіздік. Алайда қарқынды эпиджағдайға байланысты негізгі шектеу шаралары жалғасады. Тағы да халықты қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтауға, адамдар көп жиналатын нысандарға (түнгі клубтар, мейрамханалар, дәмханалар) бармауға, үй жағдайында бұқаралық іс-шараларды шектеуге, жедел вакцина алуға шақырамын», деп толықтырды Алматы қаласының бас санитария дәрігері.