- 9 қыркүйек күні сағат 09.07-де «Ауди» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты таңдап алмай, 7 автомашинамен – «Лада», «Ниссан», «Тойота», екі «Хонда» және «Равон» соқтығысты. «Ауди» жүргізушісінің айтуынша, көлік қозғалысы кезінде тежегіштер істен шығып, алда келе жатқан автокөлікті соқпауға тырысқан, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша «Ауди» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.