Спорт • 09 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық спортшылар жауынгерлік самбодан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыркүйек айының 6-8 күндері аралығында Минск қаласының «Чижовка-Арена» спорт кешенінде Беларусь Республикасы Президентінің жүлдесі үшін самбо күресінен XXV «А» санатындағы Халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық спортшылар жауынгерлік самбодан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Беларусь елінің төрінде бірнеше күнге созылған белдесулерге, спорттық және жауынгерлік самбодан әлемнің 11 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы бақ сынасты.

Алғашқы күні жауынгерлік самбодан 64 келі салмақта қос балуанымыз, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4-курс курсанттары Бекжан Галибеков пен Нұржан Жұмабеков қола жүлдеге ие болды.

Осы күнні Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, жоғарыда аталған академияның түлегі Асқар Абдулла жауынгерлік самбодан 98 келі салмақта қарсыларстарын ойсырата жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Асқар Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді.

Қостанай облысынан барған спортшылар барлығы 2 алтын және 5 қола медальға ие болды.