Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Қарағанды-Балқаш-Алматы жолының құрылысы қашан аяқталады?

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды-Балқаш-Алматы автомобиль жолы 2023 жылы толығымен пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды-Балқаш-Алматы жолының құрылысы қашан аяқталады?

«Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлерді «сәулелі принцип» бойынша байланыстыратын жоғары жылдамдықты 4 жолақты автомагистраль құрылысы жалғасады.

Көкшетау, Павлодар және Қарағанды бағытындағы жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары Қарағандыдан Қапшағайға дейінгі учаскеде іске асырылуда. Биыл ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш учаскесіндегі негізгі жұмыстарды аяқтау көзделген», деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, ұзындығы 288 шақырым болатын «Балқаш-Бурылбайтал» учаскесін реконструкциялау жұмысына коронавирус пандемиясы кері әсерін тигізді. Яғни, жекелеген шетелдік компаниялар жұмысын жалғастыра алмады. Дегенмен, қазіргі уақытта Халықаралық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын бұл жобаны басқа мердігерлер қолға алып, жұмыс істеп жатыр.

«Жалпы, Мемлекет басшысы тапсырғандай, Қарағанды-Балқаш-Алматы дәлізін толықтай 2023 жылы аяқтаймыз», деді вице-министр.